RU EN

Атырау қ., Құрманғазы көш., 6/1, 2 қабат

Тел: +7(775) 209 00 99, 75-45-22

E-mail: es.atyrau@gmail.com

Астана қ, Сарыарка көш., 12

Capital БО, 9 қаб., 906 кеңсе

Тел: +7(775) 848 30 99, +7 (708) 444 26 84

astana@enjoyservice.kz

Біз Сізге жақын арада хабарласамыз!

Өтініш қалдырыңыз

Біз Сізге жақын арада хабарласамыз!

Жіберу

Сіздің өтінішіңіз жіберілді!

Ауызша аудармалар

«Enjoy Service» ауызша аударма жөніндегі қызметтердің толық кешенін көрсетіп, Сізге іскерлік келіссөздер, кездесулер, конференциялар және тұсау кесулер барысында өз серіктестеріңізді, әріптестеріңізді және достарыңызды оңай түсінуге көмектеседі.

Ауызша бірізді аударма

Ауызша бірізді аударма - ауызша аударма түрінің бірі, бұл кезде сөйлеген адам сөзінде уақыт сайын аудармашыға айтылған сөзді аудару үшін қажетті үзіліс жасайды. Ауызша бірізді аударма әдеттегідей іскерлік келіссөздер, шетел серіктестермен достастық кездесулер сияқты қатысушылар саны шағын іс–шараларды өткізген кезде пайдаланылады.

Аударма қызметімен сүйемелдеу

Аударма қызметімен сүйемелдеу - гид-аудармашыларды ұсыну ауызша бірізді аударманың маңызды құрастырушысы болып табылады. Осы аударма түрі қозғалысы көп «мобильді» сипаттағы коммуникациялар жағдайында аса тиімді, мысалы: көрмелерге, елшіліктерге барғанда, экскурсиялық қызметтерді көрсеткен кезде, шетелге кеткенде сүйемелдеу, өнеркәсіптік объектілерде жұмыс істеу, жабдықты орнату және кейіннен оны пайдалану және т.б. Біз Сізге ауызша аударма саласында мол тәжірибесі бар, шетел және мемлекеттік тілді жетік білетін, сымбатты маманды ұсынамыз.

Ауызша ілеспе аударма

Ауызша ілеспе аударма – арнаулы жабдықты пайдалана отырып, жүзеге асырылады, ол арқылы аудармашы сөз сөйлегеннін сөзін бір уақытта аударып отырады. Жұмыс кезінде ілеспе-аудармашы, оның дауысы сөз сөйлеушінің дауысын баспайтындай болып, құлағына дыбысты оқшаулайтын құлаққалқанды киіп, оқшауланған кабинада отырады. Күшейту аппаратурасы көмегімен аударма тыңдаушылардың құлаққалқандарына жеткізіледі. Ілеспе аударма технологияларын қолданумен, әдеттегідей, көп адамдар қатысатын, үлкен залдарда және аудиторияларда өткізілетін іс-шаралар (конференциялар, семинарлар, тұсау кесулер және т.б.) ұйымдастырылады. Біз Сізге жоғары білікті ілеспе-аудармашыларды ұсынып, іс-шараларды толық техникалық жабдықтауын қамтамасыз ете аламыз.

Ілеспе аудармаға арналған жабдық

Ілеспе аудармаға арналған жабдық - біз ілеспе аудармаға арналған қазіргі заманға сай сымсыз жабдықты ұсынамыз, жабдықты монтаждауды/ қайта монтаждауды, баптауды және іс-шараны техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырамыз. Сіз біздің аудармашыларды тартусыз ілеспе аудармаға арналған жабдыққа тапсырма бере аласыз. Ілеспе аудармаға арналған арнайы жабдық мыналарды қамтиды:

  • дыбысты оқшаулайтын кабина (немесе бөлшектенетін)
  • радио-құлаққалқандар жинағы
  • микрофондар
  • аудармаға мұқтажды қатысушылар санына қарай құлаққалқандар немесе тасымалды қабылдағыштар жинағы
  • күшейткіш аппаратура