Біз Сізге Сіздің компанияңыздың офисінде ағылшын тілін корпоративтік оқытуды ұсынуға қуаныштымыз. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, білікті тәжірибелі оқытушылармен оңтайлы оқыту жағдайы оқу процесін қызықты қарым-қатынасқа айналдырады, тілге деген қызығушылықты арттырады, білім алу ниетін тудырады.
Сіз бізде тәжірибелі оқытушылармен корпоративтік оқудың Сіз үшін ең қолайлы моделін таңдай аласыз.
Клиент-компанияның қызметкерлерін оқыту ыңғайлы (келісілген) уақытта, оқытушының оқу орнына шығуымен жүргізіледі. Корпоративтік оқытуды жүргізу уақытын күн сайын тәңертең сағат 8.30 бастап кешкі сағат 20.30 дейін таңдауға болады. Оқыту тек қана жоғары білікті оқытушылармен әзірленген оқу жоспары бойынша жүргізіледі.
Топтарыдң сандық құрамы 6-14 адам. Сабақтар курсының орташа ұзақтылығы (2 академиялық сағаттан аптасына 3 рет қарқындылығымен) 3-4-5 ай.
Оқыту барысында бақылау тестілері (жазбаша және ауызша) өткізіледі және өткізілген сабақтарды, соның ішінде топтар бойынша қатысуды есепке алу парақтары жүргізіледі.
Деңгей аяқталған соң қорытынды емтихан өткізіліп, білім деңгейі көрсетілген сертификат беріледі.